Абай облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуде үздік нәтиже көрсеткен түлектер белгілі болды

Абай облысында Ұлттық бірыңғай тестілеуде үздік нәтиже көрсеткен түлектер белгілі болды

  • 04.07.2024 18:44

Абай облысының үш түлегі Ұлттық бірыңғай тестілеуде үздік нәтиже көрсетті.

Үржар ауданы М. Хасенов атындағы Бестерек орта мектебінің үздік аттестат иегері Ардақ Нұрғазин 138 ұпай жинап, облыс бойынша рекордтық көрсеткіш көрсетті. Ол математика мен физика пәндерін таңдап, математикадан 50 ұпай және физикадан 49 ұпай жинады. Болашақта С.Демирель университетіне түскісі келеді.

Мақаншы ауданы Найманбай атындағы орта мектептің "Алтын белгі" иегері Зинара Омарханова 137 ұпай жинады. Ол математика мен географияны бейіндік пәндер ретінде таңдап, математика бойынша 49 және география бойынша 48 ұпай жинады. Зинара С. Демирель университетіне түсуді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ Семей қаласының №26 ЖОББМ "Алтын белгі" белгі иегері Ақнұр Бласбаева да 137 ұпай жинады. Бейіндік пәндер ретінде ағылшын тілі мен дүниежүзі тарихы пәндерін таңдап, жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Ағылшын тілі бойынша 50 және дүниежүзі тарихы бойынша 48 ұпай алды. Ақнұр М. Нарықбаев атындағы университетке Халықаралық қатынастар мамандығына түспек.

Бұл жетістіктер облыстың білім беру мекемелерінің жоғары деңгейін және түлектердің академиялық және кәсіби өсуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Сурет: Абай облысы Білім басқарамасының баспасөз қызметі