Қазақстандағы басты стадион жөндеуге жабылды: жылжымалы шатыры қала ма?

Қазақстандағы басты стадион жөндеуге жабылды: жылжымалы шатыры қала ма?

  • 01.03.2024 17:09

Елордадағы "Астана Арена" кешенін қайта жаңғырту жұмыстары басталды. Жұмысты 2024 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Стадионның басты ерекшеліктерінің бірі – жылжымалы төбесі сақталып қала ма, жоқ па?

Астана Дене шынықтыру және спорт басқармасы мәліметінше, қаңтарда сараптама қорытындысын алғаннан кейін қалпына келтіру жұмыстары басталған.

"Демонтаж жұмыстары басталды. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын аяқтау 2024 жылғы шілденің аяғына жоспарланған. 2024 жылдың қыркүйек-желтоқсан аралығында көшпенділер ойындары өткізілгеннен кейін жасанды жабынды жылыту және суару жүйесімен ауыстыру жүргізіледі", — деп хабарлады басқарма.

Ведомстводағылар кешеннің айналасын абаттандыру мәселесі де қарастырылып жатқанын жеткізді. Жылжымалы шатырға келетін болсақ, ол жаңғырту жұмыстарынан кейін жұмыс істейді.