"Нахрен не нужен": Тағы бір ресейлік шешен жігіті Қазақстан азаматтығын алып, тіпті футболдан ұлттық құрамаға өтпекші

  • 14.08.2023 04:48

Тағы бір ресейлік спортшы Қазақстан азаматтығын алып, тіпті футболдан ұлттық құрамаға қабылдануы мүмкін көрінеді.

Бұл жайлы кеше Vesti.kz жазды, деп хабарлайды Сaravan.kz медиа порталы. Аталған порталдың тілшілері Идрис Умаев деген ортаңғол ресейлік спортшының ұлтық құрамаға ешқандайда қажеті жоқ екенін айтқан.

Бұл пікірді спорт журналисі Аслан Қаженов та қолдап отыр.

"Бәрі көк паспорт алғыш болып кетті...Бірер ай бұрын ресейлік футболшы Александр Зуев Қазақстан азаматтығын алып, біраз шулатқан еді. Енді осы жағдай жаппай үрдіс алып барады. Мәселен, дәл қазір тағы бір ресейлік Идрис Умаев та Қазақстан азаматтығын алатыны туралы ақпарат шықты. Идрис — Шешенстаннан шыққан футболшы. Ұлттық құраманың бас бапкері Магомед Адиев те сол жақтан. Арадағы байланыс түсінікті шығар. Енді мына балаға Қазақстан азаматтығын алып беріп қана қоймай, бірден ұлттық құрамаға тықпақшы.

Vesti.kz порталындағы әріптестер терең сараптама жасап, Умаев ұлттық құрамаға қажет емес деген тоқтамға келіпті. Ал, мен сараптама жасамай-ақ, нахрен не нужен екеніне сенімдімін. Өйткені, өзіміздің жігіттер онсыз да жақсы ойнап жүр. Мыналар енді жан-жақтан жағаласып, ұлттық құрамадағы орындарын тартып алмақ. Басқа жағынан, именно Ресейдің басына күн туып, санкцияға іліккеннен кейін келіп жатыр. Қазақ елін не қазақ жұртын жақсы көргеннен келіп жатқан жоқ. Егер процесс дәл осылай жалғаса берсе, жақын болашақта Қазақстан ұлттық құрамасы Ресей ұлттық құрамасына айналады", деп жазды Аслан Қаженов.

Еске салсақ, қазір футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы онсыз да Еуро-2024 іріктеу кезеңіндегі ойындарын сәтті өткізіп, тіпті өз тобында көш бастап келе жатыр. :

v

Матч Казахстан – Бельгия: для болельщиков запустят шаттлы

15 ноября на стадионе “Астана Арена” пройдёт футбольный матч между национальными сборными Казахстана и Бельгии. Для удоб ...

Астана и Алматы претендуют на проведение финалов Лиги конференций УЕФА

Исполнительный комитет УЕФА назначит хозяев восьми финалов в сентябре 2026 года, передает Kazpravda.kz со ссылкой на ...

Уразбахтин: "Кайрат" намерен отстоять свой титул в КПЛ

За два тура до конца чемпионата страны алматинский клуб опережает ближайшего преследователя на 5 баллов. Главный тренер ...

Кайрат” – “Реал”: полиция Алматы сделала заявление перед матчем

Полиция Алматы заявила о полной готовности к проведению международного футбольного поединка между алматинским “Кайратом” ...

Новый стадион на 35 тысяч зрителей появится в Алматы (ВИДЕО)

В Алматы планируется возведение современного футбольного стадиона международного уровня. Во время объезда аким го ...