Астананың Есіл ауданындағы кафелердің бірінен шыққан өрт сөндірілді, деп хабарлайды ТЖМ-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
ТЖМ-ның Telegram-дағы арнасында үш қабатты ғимараттың бірінші қабатында орналасқан кафеде өрт болғаны хабарланды. Өрт ас үй бөлмесінде шыққан.
"Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде фритюрницаның ішіндегі май жанып жатқаны анықталды. ТЖМ күштері ғимараттан 4 оттегі баллонын қауіпсіз жерге эвакуациялады. Бұл ықтимал жарылыстың алдын алуға мүмкіндік берді", – делінген хабарламада.
5 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева
