«Кеудесінен ұрғаны несі?»: Айгүл Иманбаева сабақ өткіземін деп сынға қалды (ВИДЕО)

15.10.2026 20:56 · Персонально

«Кеудесінен ұрғаны несі?»: Айгүл Иманбаева сабақ өткіземін деп сынға қалды (ВИДЕО)

Желіде әнші Айгүл Иманбаеваның шәкірттерін сахналық қимыл мен актерлік шеберлікке үйретіп жатқан видеосы тарады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Кадрларда ол олардың тұрысы мен қимылын түзетіп, кей сәтте қатқылдау тәсіл қолданғаны көрінеді.

Видео пікірталас тудырды.

Бірі «Мықты маманнан сабақ алған шәкірт осал болмайды» десе, енді бірі «Ұрмай-ақ үйретуге болады ғой» деп сын айтты.

"Кеудесінен сонша ұрғаны несі?", "Басқаша өткізуге болмай ма?", "Қиналып тұр ғой балалар", – деп жазды оқырмандар. 

Источник: Skif News · Назым Сапар