Қазақстандық және ресейлік БАҚ шекарада ұсталған танымал рэпер Navai сот санкциясымен екі айға қамауға алынғанын жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Mash ірі желілік басылымының мәліметінше, рэпер Navai Қазақстанда есірткі контрабандасы ісі бойынша екі айға қамауға алынды.
Бұл ақпаратты Telegram-дағы Kozachkov offside арнасы да жариялады, онда судья шешімі жарияланған сәтте түсірілген болуы мүмкін видео көрсетілді.
Шешімді жариялау барысында судья Наваи Бахман оглы Бакиров есімін атайды – бұл деректер әртіс Navai-дың нақты есімімен толық сәйкес келеді.
Видеодан байқалғандай, бұлтартпау шарасының мерзімі 2026 жылдың 14 желтоқсанына дейін, бірақ қаулыға үш тәулік ішінде шағым түсіруге болады.
"Сонымен, Бакиров, сот неге осындай шешім қабылдады: сіздің Қазақстанда тұратын жеріңіз жоқ, жақын туыстарыңыз да жоқ. Сот кейін соттан бой тасалауыңыз мүмкін деп есептейді, сондықтан сот осындай шешім қабылдады", – дейді судья жазбада.
NUR.KZ тілшісі Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне және өңірлік сотқа сауал жолдады.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы
