Алматыда такси арыққа түсіп кетіп, жолаушы зардап шекті

15.10.2026 06:26 · Человек и Закон

Алматыда такси арыққа түсіп кетіп, жолаушы зардап шекті

Бүгін, 15 қазан күні таңертең Алматыдағы Шығыс айналма жолында, Диваев көшесіне жетпей, солтүстік бағытта келе жатқан BYD Destroyer 05 таксиі арыққа түсіп кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бейнебақылау камераларының жазбасынан көліктің кенет
оңға қарай бұрылып, тротуармен жүріп өтіп, жолдан шығып кеткені байқалады.

Алматыда такси арыққа түсіп, жолаушы зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 10:52

Сурет: Zakon.kz.

Артынша автомобиль терең арыққа құлап, оның бойымен қозғалысын жалғастырған.

Алматыда такси арыққа түсіп, жолаушы зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 10:52

Сурет: Zakon.kz.

Көлік арықтың үстінен өтетін көпіршеге соғылып барып тоқтаған.

Алматыда такси арыққа түсіп, жолаушы зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 10:52

Сурет: Zakon.kz.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан такси жолаушысы зардап
шекті. Оның такси қызметінің клиенті болуы мүмкін екені айтылды. Көлікті
студент басқарған. Ол түнде такси жүргізіп, қосымша табыс тапқан көрінеді.

Апаттың нақты мән-жайы әзірге белгісіз.

Алматыда такси арыққа түсіп, жолаушы зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 10:52

Сурет: Zakon.kz.

Оқиға орнында
болған куәгерлер жолға ит жүгіріп шыққан болуы мүмкін деп болжаған. Себебі
көліктің астынан өлі жануар табылған. Алайда жолдағы бейнебақылау камерасы итті
түсіріп алмаған.

Алматыда такси арыққа түсіп, жолаушы зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 10:52

Сурет: Zakon.kz.

Сондықтан ит көпірдің астында жатқан немесе сол жерде
мекендеген болуы мүмкін деген болжам бар. Сондай-ақ көлікпен бірге көпірдің
құлағанынан ит астында қалған болуы мүмкін.

Алматыда такси арыққа түсіп, жолаушы зардап шекті, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.10.2026 10:52

Сурет: Zakon.kz.

Такси жолаушысы ауруханаға жеткізілді. Ал жүргізуші
ауыр жарақат алмаған.

Бұған дейін Атырауда күтпеген жерден зардап шеккен
адамды құтқару оқиғасы туралы жазған едік.

Источник: Zakon.kz · Гүлай Ашекова