Екі адам қайтыс болды: ҰҚТ-ны басқарды деген күдікті Қазақстанға жеткізілді (видео)

15.10.2026 06:23 · Происшествия

Екі адам қайтыс болды: ҰҚТ-ны басқарды деген күдікті Қазақстанға жеткізілді (видео)

Психотроптық заттарды заңсыз өндірумен және өткізумен айналысқан қылмыстық топты ұйымдастырды деп күдікке ілінген Қазақстан азаматы Ресейден экстрадицияланды. Бұл туралы Бас прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Бас прокуратураның ресми сайтында хабарланғандай, күдікті қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін елге жеткізілген.

Ведомствоның мәліметінше, тергеу барысында күдіктінің Алматы қаласы мен Қазақстанның басқа да аумақтарында мефедрон өндірумен және өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты құрғаны және оған басшылық еткені анықталған.

"2021 жылдан бастап ол ақшалай қаражатқа мұқтаж адамдарды қылмыстық әрекетке тартып отырған. Қатысушылар психотроптық заттарды өндіру, тасымалдау, өлшеп-орау және тарату бойынша әртүрлі міндеттерді атқарған, ал олардың әрекеттері Telegram мессенджері арқылы қашықтан үйлестірілген.

2024 жылы ұйымдастырушының нұсқауы бойынша Алматы қаласында бірнеше есірткі зертханасы жабдықталған. Олардың бірінде психотроптық заттарды өндіру барысында екі қатысушы ауыр химиялық улануға ұшырап, қайтыс болған.

Осыған қарамастан, жаңа орындаушыларды тарта отырып, қылмыстық әрекет жалғастырылған", – делінген хабарламада.

2024 жылғы 19 қыркүйекте полиция қызметкерлері зертханалардың бірінің қызметін тоқтатқан. Тінту барысында 24 кг-нан астам химиялық заттар, жабдықтар, қорғаныш құралдары мен дайын өнім табылған.

2025 жылғы шілдеде күдікті Ресей Федерациясының аумағында ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрау салуы бойынша елге экстрадицияланған.

Қазіргі уақытта ол тергеу изоляторында қамауда отыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы (@prokuratura.govkz)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева