Ақмола облысында екі шенеунік қызметінен айырылды

14.10.2026 14:53 · Происшествия

Ақмола облысында екі шенеунік қызметінен айырылды

Ақмола облысында екі шенеунік құмар ойындарға қатысқаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлайды өңірлік прокуратураға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның ресми сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, Есіл ауданының прокуратурасы мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтауына талдау жүргізген.

Талдау барысында интернет арқылы букмекерлік кеңселерде бәс тігумен айналысқан екі мемлекеттік қызметші анықталған.

"Олардың бірі Есіл ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы, екіншісі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы лауазымдарын атқарған", – делінген хабарламада.

Прокурорлық ден қою шараларының нәтижесінде аталған екі лауазымды тұлға да атқарып отырған лауазымдарынан босатылған.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева