«Ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емеспіз»: Дариға Бадықова өзін сынағандарды орнына қойды

12.10.2026 04:58 · Персонально

«Ешкімге ештеңе дәлелдеуге міндетті емеспіз»: Дариға Бадықова өзін сынағандарды орнына қойды

Танымал актриса Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында жан сырын ақтарып, тағдыр жазуы мен адам бақыты туралы әсерлі жазба жариялады. Өнер иесі көпшілікті өзгенің жеке өміріне төрелік айтпауға шақырды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

«Құдайдың бұйрығына ешкім қарсы шыға алмайды. Тағдырдың жазғанын ешкім өзгерте алмайды. Қалай десек те, кім не ойласа да, әр адамның өз тағдыры, өз бақыты бар. Біреудің бақытына төрелік айту бізге бұйырмаған. Біз ешкімнен ештеңе сұрамаймыз. Ешкімге ештеңе дәлелдеуге де міндетті емеспіз. Тек бақыт тілеңіздер! Өйткені ақ ниетпен айтылған бір ауыз тілек мың түрлі пікірден қымбат» деп жазды актриса.

Актрисаның бұл жазбасы желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Оқырмандардың басым бөлігі өнер иесіне жылы лебізін білдіріп, ақ тілегін жаудырды.

«Әр әйел бақытты болсын, көзіңізден сәуле шашып тұр», «Бақытты болыңыз, бақыттың ерте-кеші жоқ», «Менің ең күшті аяулы актрисама бақыт тілеймін» деп қолдау білдірді оқырмандар.

Десе де, пікір қалдырушылар арасында күмән келтіріп, «Әлі сенбейтін мен ғана ма?» деп таңданысын жасырмағандар да табылды.

Источник: Skif News · Лунара Арынбек