Яндекс Go баспасөз қызметі компания қызметтерінде ақау орын алып жатқанын немесе уақытша қолжетімсіз болуы мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Компания өз қызметін пайдаланушылардан, жүргізушілер мен курьерлерден туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.
"Біздің техник мамандар қызметтерді қалпына келтіру үстінде. Әзірге, нақты мерзімін атай алмаймыз, бірақ мүмкіндігінше тезірек жұмыс режимін қайта қалпына келтіру үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз", – деді компаниядағылар.
Сондай-ақ баспасөз қызметі қазақстандық пайдаланушылардың дербес деректері Қазақстандағы серверлерде сақталатынын жеткізді. Бұл ретте жекелеген технологиялық компоненттер әртүрлі елдерде орналасуы мүмкін, сондықтан техникалық ақаулар бірден бірнеше мемлекетте қызметтердің қолжетімділігіне әсер етуі ықтимал.
Компания қызметтер жұмысының қалпына келген уақытында бұл туралы ресми арналар арқылы хабарланатынын нақтылады.
Бұған дейін нейрожелілердің жұмысында жаһандық деңгейде ақау орын алғаны хабарланған.
Источник: Zakon.kz · Кәмшат Сатиева
