Алматыда қоқыс арасынан мылтық табылды (видео)

11.10.2026 05:17 · Происшествия

Алматыда қоқыс арасынан мылтық табылды (видео)

Алматыдағы тұрғын үй алабында қоқыс контейнерінің маңынан мылтық табылды. Полиция қару қоқысқа қалай түскенін анықтады, деп хабарлайды қалалық ПД-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғын үй алабындағы қоқыс контейнерінен мылтық табылған. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы дереу жетті.

Наурызбай аудандық полиция басқармасының қызметкерлері қаруды тәркілеп, оны кім лақтырғанын анықтады.

"Тіркелген мылтық жеке қоймада сақталғаны белгілі болды. Оның иесі Астанада тұрады, ал қойманы оның күйеу баласы сатып жіберген. Жаңа иелері үй-жайды қоқыстан тазарта бастағанда, қару да қоқысқа лақтырылған", – деді полициядағылар.

"Енді осы іске қатысы бар барлық адамның әрекетіне құқықтық баға беріледі. Оның ішінде мылтықты тиісті деңгейде сақтауды қамтамасыз етуге міндетті болған иесі мен оны лақтырып жіберуге жол берген ер адамның әрекеті де қаралады", – деп қосты полиция өкілдері.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алматы қаласының ПД | ДП г.Алматы (@almaty.police)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Айтолқын Адырбай