Жетісу облысында оқушы өлімі тіркелді: сыныптасы ұсталды

09.10.2026 12:38 · Происшествия

Жетісу облысында оқушы өлімі тіркелді: сыныптасы ұсталды

Жетісу облысында оқушы өлімі тіркелді. Сыныптасы күдікке ілініп отыр. Полиция қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметі хабарлағандай, кәмелетке толмаған баланы өлтіру фактісі бойынша полиция қылмыстық іс қозғады.

"Алдын ала мәлімет бойынша, сабақтан кейін сыныптастар арасында жанжал шығып, соның салдарынан жасөспірімдердің бірі дене жарақатын алып, кейін қайтыс болды", – дейді Жетісу облысы полиция департаменті өкілдері.

Күдікті ұсталып, заңды өкілдерімен бірге полицияға жеткізілді.

Сондай-ақ білім беру ұйымының қызметкерлеріне қатысты балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерін тиісінше орындамау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу Жетісу облысы полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауында.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы