Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікке ілінді

09.10.2026 08:34 · Происшествия

Теміртауда 20 жастағы жігіт ата-анасын өлтірді деген күдікке ілінді

7 қазанда Теміртау қаласындағы Республика даңғылында орналасқан пәтерлердің бірінен 52 жастағы ер адам мен 49 жастағы әйелдің денесі табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қарағанды облысының полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, аталған факті бойынша "Адам өлтіру" бабымен қылмыстық іс қозғалды.

"Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдікпен қаза тапқан ерлі-зайыптының 20 жастағы ұлын анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады Қарағанды облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы