АҚШ елшісі қазақтың киіз үйінде танымал әнші Еңлікпен бірге ән шырқады (ВИДЕО)

08.10.2026 10:19 · Персонально

АҚШ елшісі қазақтың киіз үйінде танымал әнші Еңлікпен бірге ән шырқады (ВИДЕО)

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Джули Стаффт қазақстандық әнші Yenlik-пен бірге оның танымал «Meili» әнін орындады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Бейнежазба қазақтың ұлттық нақышында түсірілген. Елші мен әнші композицияның бір бөлігін киіз үйде орындаса, қалған бөлігін табиғат аясында шырқаған.

«Meili» – Yenlik-тің көпшілікке кеңінен танылған әндерінің бірі. Композиция 2025 жылдың қыркүйегінде жарыққа шығып, әлеуметтік желілерде жылдам тарап, миллиондаған қаралым жинаған. Ән шетелдік тыңдармандар арасында да танымалдылыққа ие болды. 

Источник: Skif News · Сағыныш Назар