Оралда көлік полициясы қоғамдық тәртіпті бұзған шетелдікті жауапқа тартты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
ІІМ-нің ақпараттық медиапорталының мәліметінше, Орал әуежайында көлік полициясы бөлімінің қызметкерлері қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін 52 жастағы шетелдікті әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Құқық бұзушы Стамбұл – Орал бағытындағы әуе рейсімен келгеннен кейін төлқұжат бақылауынан өту кезінде анықталып, ұсталды.
"Бақылау залында болған ер адам Қазақстан Республикасына қатысты балағат және қорлау сипатындағы сөздер айтқан", – деп хабарлады ведомство өкілдері.
Полицейлер ұсталған азаматты кезекші бөлімге жеткізіп, оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік хаттама толтырды.
Сондай-ақ шетелдікпен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, оған Қазақстанның қолданыстағы заңнамасының нормалары және қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілік түсіндірілді.
Сот шешімімен ер адам құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Оған айыппұл түрінде жаза тағайындалды. Сонымен қатар құқық бұзушыға болашақта мұндай әрекеттерге жол бермеу туралы ескерту жасалды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы
