Шымкентте екі жұмысшы құдық ішінде көз жұмды

08.10.2026 06:53 · Происшествия

Шымкентте екі жұмысшы құдық ішінде көз жұмды

Шымкентте екі адам құдық ішінде жұмыс істеу барысында көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде, деп хабарлайды қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сәйкес, құбыр тарту жұмыстары кезде жұмысшылардың қаза болуына байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Алдын ала мәлімет бойынша, жұмысшылар құдық ішіндегі қалдық газдардан уланып қалған", – деп хабарлады Шымкент қалалық ПД.

Оқиғаның барлық мән-жайы, сондай-ақ қауіпсіздік талаптарының сақталуына жауапты тұлғалар анықталуда.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес, өзге мәлімет жария етілмейді.

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы