Астанадағы автотұрақта көлік өртенді – құтқарушылар тілсіз жауды ауыздықтады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.
Есіл ауданы Сарайшық көшесінде орналасқан автотұрақта жеңіл көлік өртенді.
Өрт сөндірушілер жалынды жедел сөндірді. Зардап шеккендер жоқ, өрттің шығу себебі анықталуда.
"ТЖМ автокөлік иелерін өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады", – деді құтқарушылар көлік жүргізушілеріне.
Еске сала кетейік, 6 қазанда Астанада бес бірдей жеңіл көлік өртенгенін жазған едік. Көліктер Сарайшық ауданындағы тұрғын үй кешенінің жанындағы көше тұрағында отқа оранған.
Өрт салдарынан ер адам – екі көліктің иесі зардап шекті. Ол күйік шалып, жансақтау бөліміне түсті.
Астана қалалық полиция департаменті өрттің шығуының алдын ала себептерін айтты.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы
