Алматының Алатау ауданындағы екі қабатты кафеде өрт шықты – ТЖМ оқиғаның мән-жайын баяндады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Бүгін таңертең "112" пультіне Алматы қаласының Алатау ауданындағы Емцов көшесінде орналасқан кафеде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына өрт сөндіру бөлімшелері жедел жетті", – делінген хабарламада.
ТЖМ-ның мәліметінше, алғашқы күштер мен құралдар келген кезде екі қабатты кафенің екінші қабатындағы бар сөресі мен жиһаздың жанып жатқаны анықталған.
20 шаршы метр аумақты шарпыған өрт сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева
