Ұлытау облысындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонында қоқыс өртенді – ТЖМ өкілдері оқиғаның мән-жайын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ведомствоның мәліметінше, қатты тұрмыстық қалдықтар полигонындағы өрт Сәтбаев қаласынан 10 шақырым жерде болған.
"Өртті сөндіруге ТЖМ және жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдары жұмылдырылды. Оқиға орнына 20-ға жуық қызметкер және 8 техника тартылды", – делінген хабарламада.
Өртті сөндіру жұмыстары қатты түтінге байланысты қиындаған, бұл өрт сөндіру бөлімшелерінің жұмысына кедергі келтірген.
Қазіргі уақытта ауданы 470 шаршы метр болған өрт толығымен сөндірілген. Зардап шеккендер жоқ.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі (@112kz_)
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Гүлмира Ерубаева
