Алматыда төрт турист таудан түсу кезінде адасып кеткен

05.10.2026 04:58 · Человек и Закон

Алматыда төрт турист таудан түсу кезінде адасып кеткен

Төрт турист Бутаков сарқырамасы маңындағы тау бағытынан түсу кезінде 2 400 метрден астам биіктікте адасып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Алматы қаласының Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары демалушыларды тауып, Қотырбұлақ шатқалына дейін бірге ертіп барған. Сол жерден туристер автокөлік жолына шыққан.

Туристер медициналық көмекке мұқтаж болмаған. Кейін олар үйлеріне өз беттерінше қайтқан.

Бұған дейін Алматы тауларында Оңтүстік Корея азаматын іздеу жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланған еді. ТЖМ құтқарушылары таулы аумақты тексеріп, әсіресе жету қиын учаскелерге, беткейлер мен шатқалдарға ерекше назар аударып жатыр.

Источник: Zakon.kz · Айгерим Тарина