Талдықорғанда әйелдің шағымынан кейін полиция күйеуін ұстап әкетті: одан қару тәркіленді

04.10.2026 07:58 · Происшествия

Талдықорғанда әйелдің шағымынан кейін полиция күйеуін ұстап әкетті: одан қару тәркіленді

2 қазанда Талдықорған тұрғыны полицияға жүгініп, күйеуінен жәбір көргенін айтып шағымданған. Полиция дереу келіп, ер адамды ұстап әкетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Жетісу облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПД мәліметінше, 2 қазанда Талдықорған қаласының тұрғыны полицияға жүгініп, жұбайының өзіне дене жарақатын келтіріп, қорқытқанын айтты.

Полиция қызметкерлері оқиға орнына дереу жетіп, ер адамды ұстады. Одан пневматикалық қару тәркіленді.

Дене жарақатын келтіру және қорқыту деректері бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Дәрігерлердің тексеруінен кейін әйел баласымен бірге дағдарыс орталығына орналастырылып, оларға қажетті көмек көрсетілді.

Бұған дейін әйелден полицияға арыз-шағым түспеген.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жетісу Облысының Полиция Департаменті (@zhetysu.police)

Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз

Источник: Nur.kz · Эльмира Асқарқызы