Жамбыл облысында теміржол бойына бір отар қой шығып кеткен. Жүк пойызы 70 малды қағып, олардың иесі жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Жамбыл облысындағы "Жұма-Тамды" теміржол өткелінде жүк пойызы бір отар қойды қағып кетті. Бас-аяғы 70 мал өлген.
"Аталған факті бойынша мал иесіне, яғни Тараз қаласының 66 жастағы тұрғынына теміржолдың бөлінген жолағында мал жаю ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды", – делінген хабарламада.
Айта кетейік, жыл басынан бері Көліктегі полиция департаментінде пойыздардың шұғыл тежелуі бойынша 1 166 факт тіркелген, оның 881-і теміржолға үй жануарларының шығып кетуімен байланысты.
"Көлік полицейлері мал иелерін теміржол маңында малды қараусыз жаюға жол бермеуге және белгіленген ережелерді қатаң сақтауға шақырады.
Естеріңізде болсын: жануарлардың қауіпсіздігі үшін жауапкершілік ең алдымен олардың иесіне жүктеледі. Малдың теміржолға қараусыз шығуы апатты жағдайға, материалдық шығынға әкеліп соғуы және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруі мүмкін", – деп толықтырды ведомство өкілдері.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Источник: Nur.kz · Айтолқын Адырбай
