Ұлытау облысында Қаражал қаласындағы "Восточный" карьерінің аумағында марганец кенін заңсыз өндіруді ұйымдастырған бір топ адамның әрекетіне тосқауыл қойылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Топтың әрекетін прокуратураның үйлестіруімен ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің (ҚМА) Ұлытау облысы бойынша департаменті тоқтатты.
"Күдіктілер кенді заңсыз өндіру үшін ауыр карьерлік техниканы – экскаваторларды, тиегіштер мен самосвалдарды пайдаланған. Карьер аумағында өндірістік база жабдықталып, онда өндірілген шикізат ұсақтау-жуу кешенінің көмегімен өңделген. Кейін кен құжаттарды пайдалана отырып, жүк автокөліктерімен шетелге шығарылған. Нәтижесінде сатылған марганец кенінің көлемі 4 мың текше метрден астам болып, оның құны 950 млн теңгеден асқан", – деп ҚР ҚМА баспасөз қызметі бүгін, 2026 жылғы 2 қазанда істің мән-жайын мәлімдеді.
Хабарланғандай, тергеу жалғасып жатыр.
ҚМА түсіндіргендей, өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.
2026 жылғы 30 қыркүйекте Қызылорда облысында кәсіпкердің етке қатысты 60 млн теңгелік заңсыз әрекеті әшкереленгені белгілі болды. ҚМА күдіктінің қамауға алынғанын және сот санкциясымен оған тиесілі екі көлікке тыйым салынғанын хабарлады.
Источник: Zakon.kz · Айгерим Тарина
